80

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің PYP оқушылары «Олаф» жаңа жылдық қойылымына қатысты. Балаларға етене жақын мультфильмдердің кейіпкерлері жаңа жылдық қойылымға ерекше реңк берді. Келе жатқан 2020 жылдың белгісі ретінде тышқан қонаққа келіп, өткен жылмен қоштасты.

Аяз ата мен Ақша қардың жолына кедергі жасауға ұмтылған жағымсыз кейіпкер жалмауыз кемпір де жаңа жылдық кеште көрініс тапты. Сонымен қатар, оқушылар сүйіп көретін «Фиксики» мультисериалының қаһармандары Нолик пен Симка балалармен әсем әуенге ырғалып би биледі.

Жаңа жылдық қойылымның басты кейіпкері Олаф болса балалармен қызықты ойындар өткізіп, танымдық сұрақтарға жауап берді. Барлық кедергілерден өтіп, балаларға асыға жеткен Аяз ата мен Ақша қар қосылып ән шырқап, шыршаны айнала би биледі.

Жаңа жылдық қойылым әр баланы ерекше әсерде қалдырып, қуанышқа бөледі. «Қандай қызықты кеш. Жалмауыз кемпірді жылдамырақ қуып жіберіп, Аяз ата мен Ақша қарды құтқаруымыз керек», – дейді балалар.

Жаңа жылға арналған ерекше форматтағы шараның өтуіне атсалысқан мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің төрайымы Меруерт Ураловнаға, төрайымның орынбасары Гульнара Сериковна мен Валентина Викторовнаға алғыс білдіреміз.