29

Мейрам алдында 9 «В» сыныбының тапқыр оқушылары Акебаева Дана, Исакова Солиха, Раимбаева Алуа және Кащанова Жанель «Менің анам тамақты сенікінен жақсы әзірлейді» аспаздық шоуын ұйымдастырып өткізді. 

Байқауға екі команда қатысты. Бірінші команданың құрамына Икранбеков Алишер, Алишердің анасы Жамиля Аскаровна мен Султан Данияр кірді. Екінші командада Мукан Джабриэль, Джабриэльдің анасы Дилара Жусупбековна  мен Асенов Карим болды.

Шоу қатысушылары пайдалы салат, дәмді балкүлше, тәбет ашатын омлет жасап, нағыз қазақи шай демдеді.

Примбетов Дарси дегустатор атанып, барлық тағамдардан ауыз тиді. Жюри –Акебаева Дана мен мектеп коменданты Гульнар Калауовна Шарипова жеңімпаздарды медальдермен марапаттады. Соңында достық жеңді. Осындай сыныптық іс-шаралар ақ, достық ниетті атмосфераның орнауына, жағымды эмоционалдық көңілдің және ата-аналардың біріккен шығармашылығының пайда болуына септік етеді.

Балаларымыз аналарының ең мықты екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді!