38

Жуырда екі бірдей 4 «B» және 4 «F» сыныптары Әсемгүл Блялова мен Алмагүл Махамбетова мұғалімдерімен бірге математика тұрғысынан мінсіз бәліштер пісірді. Шебер-кластар барысында мұғалімдер математикалық теңдеу құрып, тәтті десерттер дайындай алды. Адамдарға математиканың қызық өтетінін дәлелдеу үшін олар қарапайым аспаздық өнердің арқасында осы ілімді түсіндіруге талпынды. Ұстаздары оқушыларының бойында математикалық дағдыларды қалыптастырып, білгендерін асханада пайдалануға шақырды. Осылайша мұғалімдері бәліш әзірлеп жатқанда, балалар әрбір бәліштің құрамындағы ингредиенттер арасында нақты баланстың қандай болатынын біліп алды. Нәтижесінде математикалық формула ешбір міні жоқ бәліш пісірудің жолын көрсетті. Осындай сабақтар біз мекендеген әлемнің негізінде математика жатқанын білдіреді.

Сабақ үстінде жаңа ғана пештен шыққан ыстық бәліштерді шәкірттер «Сәтті сабақ» деп атады.

Алмагүл Махамбетова: «Бұл шара асүйде бөлшектерге есеп шығартқан тамаша жаттығу болды. Осылайша, біз жоба жұмыстары арқылы балалардың зерттеу қабілеттерін дамытып отырамыз»,-дейді.

Аталмыш тақырып үлестер және жай бөлшектер ұғымдарын тиісті тілмен жеткізіп, пропорционалды ойлау негіздерін қамтыды. Сабақтың мақсаты бүтін санды, түрлі заттардың екіден бірін, үштен бірін, төрттен бірін және бестен бірін анықтап, атап және құрастырудан тұрды.