105

Жақсы жаңалық. 6-7-сынып оқушылары, академик Шалтай Смағұлов атындағы математикалық олимпиадаға қатысып, жарқын нәтижеге қол жеткізді. 7-сыныптар арасында Анел Носинова екінші жүлделі орынды жеңіп алып, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Анельден бөлек II турға Изтлеубек Санабаев пен Адилхан Кайыржан сәтті өтіп, мектептің абыройын ақтап шықты. Сондай-ақ, математика мұғалімі Абзал Кашкынбаев ұйымдастыру комитетінен алғыс хат алды.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы Қазақ ҰУ-нің механика және математика факультеті болатын.

Олимпиаданың алғашқы кезеңі 2017 жылғы 12 қарашада Астанадағы РФМ мектебінде өтті. Оған Астана мен Көкшетаутың түрлі мектептерінен келген 186 оқушы қатысты. I тур 2 сағатқа арналған 15-20 тапсырмадан тұрды. Жеткілікті ұпай санын жинап үлгерген олимпиада қатысушылары 2017 жылғы 19-шы қарашада өткен екінші турда бақ сынау мүмкіндігіне қол жеткізді. Екінші кезеңге өтудің шарттары (барлық қалаға бірдей) келесідей болды:

6-сыныпта – 19 ұпай және одан жоғары жинау қажет болды;

7 ксыныпта – 23 ұпай және одан жоғары жинау қажет болды.

Шалтай Смағұлов – Қазақстанда есептеуіш математика және математикалық модельдеу бойынша ғылыми мектептің негізін қалаған көрнекті ғалым, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы.

Олимпиада додасына түсу тегін болды.