85

Халықаралық мектепте кәсіптік-бағдар беруші Шырын Мулкибаева мен  SIMPLE EDUCATION ұйымының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Жиынға Халықаралық мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Жиын барысында білім алушыларға АҚШ-тың, Канаданың, Еуропаның жетекші жоғары оқу орындары таныстырылды. Сонымен қатар, АҚШ-тың әйгілі университеттеріне қалай оқуға түсуге болатындығы, қажет құжаттар мен шетелдік оқу орындарына құжат тапсыру уақыты талқыланды.

Сондай-ақ, оқушыларға университеттерді таңдау мен емтихан тапсыру, шәкіртақы алу, Қазақстандық және шетелдік оқу орындарының айырмашылығы туралы ақпарат берілді.

Кездесу аясында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.