271

Бүгін мектептің мәжіліс залында «Алтын күз» іс-шарасы шеңберінде 2 «B» сыныбы қатысқан «Күз аруы» байқауы ұйымдастырылды.

Күзгі гүлдермен және жапырақтармен безендірілген залда жылулыққа толы әрі жайлы атмосфера орнады. Конкурстық бағдарлама бәсекелестермен танысудан басталды, олар: Азель Кабдулла, Жанайым Корпебаева, Нелли Мажитова, Аяулым Рақымбай, Диана Мадиева, Жамиля Усенова және Айсұлу Аяганова. Олар қуана-қуана өздері жайлы айтып берді. Іс-шара көңілді сайыстар түрінде жалғасын тапты. Қыздар «Өнерлі өрге жүзер», «Әсем біздің арулар» және «Шебер қолдар» сайыстарына бар ынталарымен кірісе кетіп, бақ сынасты. Байқауға түсушілерге көрермен жанкүйерлер белсенді қолдау көрсетті. Олардың өнерлерін көрген қонақтар ерекше жақсы әсер алды.

Сынып жетекшісі Ардак Хамзина сайыскерлерге және жоғары кәсіби дәрежедегі музыкалық номерлерді дайындаған концертке қатысушыларға алғысын жеткізді. Фортепиано бойынша білім алып жатқан Исламбек Қожахметтің өнері дебют болды. Оның қабілеті мен дарыны отырғандарды таңқалдырып, барлығының көңілдерінен шықты. Оқушы Абай Асқаровтың саксофондағы ойынын балалар да, үлкендер де асыға күтіп қарсы алды. Оның салтанатты композициялары кештің керемет сәнін келтіріп, тыңдаушылар мен сайыскерлердің көңілдерін көтеріңкі етті.

Оқушылардың жан-жақты репертуары – ата-аналары мен мұғалімдерінің еңбектерінің жемісі. Соңында мақтау қағаздары таратылып, келесі номинациялар бойынша марапаттар табысталды: «Шебер ару», «Әнші ару», «Биші ару», «Сүйкімді ару», «Нәзік ару», «Өнерлі ару», «Шығармашыл ару». Марапаттау рәсімінен соң бүкіл сынып болып оқушылар барлығы бірге Нұрғиса Тілендиевтің әні мен Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне жазылған «Құстар әнін» орындап берді.