22

Израильдік стартап технологиялар Зияткерлік мектептерге енгізіле бастады. Кәсіпкерлік білім негіздері жөніндегі жаңа курс «Моментум» Зияткерлік мектептер мен Тель-Авив университетіндегі Достар ассоциациясының бірлескен жобасы, ол стартап индустрияны қалыптастыруға және инновациялар экожүйесіне арналған.

– «Бүгінгі таңда кәсіпкерлік білім Қазақстан үшін өте маңызды, отандық экономика дамудың инновациялық үлгісіне өтуде, бизнес-орта бәсекелестік мен кәсібилілікке жаңа талаптар қойып, білім табиғатын қайта қараудан, сүзгіден өткізу жұргізілуде. Біз балалардың өзіндік интеллектуалдық қабілеттерін  әлеуметтік маңызды салаларда пайдаланып, іске асыруларына барынша көмек жасаймыз» – деп атап өтті дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидинова. 

Израильдік стартап саласындағы белгілі сарапшысы Елена Донецтің айтуынша Бастапқы кәсіпкерлік машықтар жөніндегі оқыту курсы арнайы қазақстандық оқушыларға бейімделіп әзірленген, іскерлік ойлануға және бизнес инструменттерін иеленуге бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін балалар венчурлік қор мен акселератор, қазіргі стартап үлгісі мен инновациялар экосистемасы қалай жұмыс жасайтынынан хабардар болады деп жоспарлануда. Ең бастысы олар өздерінің бизнес-жоспарларын жасауға және ілгерілетуге үйренеді. Тель-Авив университетінің Кәсіпкерлік орталығы әзірлеген барлық методика Зияткерлік мектептерге беріледі.   

– «Зияткерлік мекетптердің оқушылары инновациялық бизнес-курсқа жоғары деңгейде дайын. Жоғары сынып мектебінің оқу жоспарына «Экономика», «Жаһандық келешектер мен жобалық жұмыс», «Қазіргі замандағы Қазақстан» сынды пәндер, сондай-ақ  элективті курс ретінде дизайн-ойлау енгізілген. Біз бүгінде әлемдік стандарт болып табылатын израильдік технологиялар бойынша инновациялар экожүйесін қалыптастыруға мүдделіміз», – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова.

Астанада күзгі демалыс барысында пилоттық жобаны іске асыру басталып, оған Зияткерлік мектептер мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысуда. Нәтижесінде осы тыңдармандар уақыт өте келе өздері тренер болады.  «Моментумның» ерекшелігі сол – оқушылар жобаны іске асыру барысында жайлы ортадан шығып тек кәсіпкерлік базаны ғана емес, сонымен қатар табысқа жету жолында қажетті өмірлік құндылықтарды да жетілдіретін болады. Жоба арқасында әлеменің әртүрлі елдерінен көптеген жас азаматтар сәтті кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік алды. Израильдік бағдарламаны оқытудың алғашқы жылында университеттер мен жекелеген жергілікті топтарды қоса есептегенде, барлығы 400 адам оқудан өтті.

Астана қаласы физика-математика бағытындағы мектепте интенсивті курсты аяқтағаннан кейін оқушылар өздерінің үйретушілері мен қонақтарға арналған өзіндік жобаларын ұсынды. Тайм-менеджмент, білім беру платформалары, денсаулыққа пайдалы ас ішу, жеткіншектерге арналған тауарлар мен қазіргі жастарды мазалайтын басқа да проблемалар келешек миллионерлердің стартапының өзекті мәселелеріне айналды. Тұсаукесердің арнайы қонағы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев атап өткендей, барлық жобалар өзіндік жаңшылдығымен және сындық тәсілімен ерекшеленеді, сондай-ақ өмірде іске асыруға мүмкіндік береді. Ендігі кезекте оқушылар келесі этапқа өтіп, бір ай ішінде стартаптарын іске асыра алады.

«Израильде дәстүрлі экономика мен кәсіпкерлікті балалар мектеп қабырғасынан бастап үйренеді, тиісінше балаларда сәтті жобаларды игеруге бағытталған іскерлік-ойлау жүйесі мен үлкен мақсаттар қалыптасады. Астаналық «Моментум» қатысушыларының бірінші аптадағы жұмысының өзі қазақстандық оқушылардың орасан зор әлеуеті бар екендігін көрсетеді», – дейді  Елена Донец.

Елена Израилде тек үлкен сұранысқа ие тренер ретінде ғана емес, сонымен қатар жемісті инновациялық стартаптарды құрушы ретінде де белгілі. Тель-Авив университетіндегі Кәсіпкерлік орталығының қызмет етуі, оның көптеген елдермен елдермен әріптестік жасауы Еленаның қазіргі таңдағы ең табысты жобасы. Қазақстанда Тель-Авив университеті мен ERG (Евразиялық топ) «Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» аталатын бірнеше бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту жобалары сәтті жүзеге асып отыр. 

Тель-Авив университетіндегі Достар ассоцияциясы – әлемнің академиялық орталықтарын Израилдің басты жоғары оқу орындарының бірімен біріктіретін, ерекше ұйым. Ассоциацияның біздің елдегі негізгі мақсатының бірі кәсіпкерлік білімді дамыту және кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру.

Ақпарат көзі: http://nis.edu.kz/kz/press-center/news/?id=6805