38

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің 10 жылдығына және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 15 жылдығына орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының мұғалімдері мен қызметкерлері арасындағы спартакиада өтті.

Шара Орал, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Астана, Семей, Өскемен, Павлодар қалалары қызметкерлерінің басын қосты. Құрама командалар футбол, волейбол, ләңгі, арқан тартыс, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен жарысты.

Екі күнге созылған сайыс нәтижесі бойынша волейбол мен футболдан Астана қаласы Халықаралық мектебінің командасы үздік нәтиже көрсетсе, үстел теннисінен Павлодар қаласы химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектебінің ұжымы жеңімпаз атанды. Ал арқан тартудың жеңімпазы Петропавл қаласындағы Зияткерлік мектебінің ұжымы болды.

Жалпыкомандалық есепте Астана Халықаралық мектебі спартакиада кубогына иеленсе, Қызылжар қаласындағы  мектеп ұжымы екінші орынмен марапатталды. Ал Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшінші орынға лайықты деп танылды.