15

Шахмат ойыны бойынша Қарағандыда өткен турнирде Астана қаласындағы Халықаралық мектептің 9 сынып оқушысы Ансар Джанзаков жеке есепте өзінің жас категориясында 1-ші орынды иемденіп топ жарды. Ақырында қатысушылар, атап айтқанда 2 сынып оқушысы Искандер Карашукеев, 3 сынып оқушысы Томирис Мұрат, 4 сынып оқушысы Зере Курманова мен Ансардың өзі мектеп командасының құрамында арнайы алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болды. Олар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы атынан өз өнерлерін көрсете білгендері үшін Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебі шаңырағында да, өз мектебімізде де марапаттау салтанатында қошемет көрді.

Шахмат турниріне барлық Зияткерлік мектептерінен келген жас шахматшылар қатыса алды. Бұл байқау Дармен Саквакасов Кубогын алуға лайықтылар қатарын жасақтауға және талай ойыншыға Қызылордада болатын республикалық шахмат турнирінде бақ сынауға мүмкіндік берді. Жарысқа алты адамнан тұратын елдің түкпір-түкпірінен командалар жиналмақ.

Бұл шаралар мектеп шәкірттерін шахмат ойынына баулу һәм оны дәріптеу, интеллектауалдық және жасампаздық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіліп отыр.

Айтылып өткендей, 29 қазан мен 5 қараша аралығында елдің Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылар арасында аты аталған халықаралық гроссмейстер кубогы үшін Қызылорда қаласында XII Республикалық шахмат турнирін дарынды балаларға облыстық №4 мектеп-интернаты негізінде ұйымдастырмақ.

Жеңімпазымызға бәрекелді дейміз!