44

Желтоқсанның 20-сы күні мектепте 1-2 және 3-4-сыныптардың қатысуымен “Сиқырлы жаңажылдық оқиға” атты үлкен жаңажылдық таңертеңгілік шара өтті. 

Арнайы мамандар мектептегі барлық ашық алаңдарды мерекеге сай бірыңғай стильмен безендірді. Акт залын жарықтандыру мен әрлеуге бір топ аниматорлар атсалысып, конфетти, орман жануарлары мен мультфильм кейіпкерлері түріндегі фигуралар, шыршалар, үлкен-үлкен шарлар, жарық беретін құрылғылар және басқалары болды. Қалаған адамның кез-келгені олардың жанында тұрып естелік суретке түсіп отырды.

Жаңажылдық кешті астананың аса дарынды әртіс аниматорлары ұйымдастырған театралдық қойылымнан құралған музыкалық шоу бастап кетті. Ерекше жарық беруші арнайы эффектілермен бірге ертегі ордасында жоғары деңгейдегі номерлердің концерті болып өтті. Танымал да ерекше шоу жиналған шаршы топты таң қалдырды.

Оқушылар келер жылдың символы Гафа атты жануарды, Күз ханшайымын, зұлым кейіпкерді, галактика қорғаушыларын, Қар ханшайымын, Аяз атаны және оның немере қызы Ақшақарды көрді. Балалар қол ұстасып шыршаны айналып, Аяз атаға арнап ән салды. Дымбілмес пен Күлдіргіштің соңынан Аяз атаны іздеп, сиқырлы саяхатқа шықты. Бұл сапарда оларды көптеген қызықтар, ойын мен тосын сыйлар күтіп тұрды. Балалар шыр айналып билеп қана қоймай, ойын ойнап мәз болды. Соңында қатысушылардың барлығы кураторлар дәстүрлі сыйлықтарын алды. Жаңа жыл алдындағы бұл ертегі үлкенге де, кішіге де ұнады.