29

Халықаралық мектепте 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Қолыңмен жақсы» клубының отырысы өтті. Шара барысында балалар волонтерлік қызметтің ерекшеліктері мен қайырымдылық қызмет түрлері туралы айтты. Үйірменің негізін қалаушы, идея авторы 2 «Б» сынып оқушысы Алинұр Сейсембаев сыныптастары мен достарын панадағы қорғансыз жануарларға көмектесуге шақырды.

— Достар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды ресми түрде волонтер жылы деп жариялады. Бұл жақсылық жасайтын, қайырымдылыққа көңіл бөлетін жыл. Ендеше, мұқтаж жануарларға бірге көмектесейік», – дейді жас ерікті.

Алинұрдың бұл идеясын қолдаған достары жануарларға арнайы азық пен жылы төсеніштер жинады. Ендігі басты мақсат – жиналған заттарды қаланың мал қорасына тапсыру.