45

Мектебіміз өзінің дарынды оқушыларын мақтан тұтады. «Жас суретші Қырықбаева Фатима – сондай балалардың бірі», -дейді Марал Иманова куратор. Ұстаздың айтуынша, 9 «А» сыныбының оқушысы Фатима – бірегей шығармашылық адамы, себебі ол 14-ақ жасында жақсы суретші болып алған. Ол акварель мен қарандашты пайдаланып адамдар мен жануарлардың керемет суреттерін салады. «Таң қалдыратыны, Фатима осының барлығын өзі үйренген!» – дейді мұғалімдері.

Өзінің алғашқы туындысын жас талант 7 жасында салыпты. Фатима түрлі стильдерді пайдаланады (кубизм, модерн және басқалары). Қыздың анасы, Ғалия Мұратбекқызы, шығармашылығын дамытуға көмектесіп,  әрдәйім қолдап отырады. Оның жұмыстары БҰҰ білім беру және мәдениет мәселелеріне жауапты ЮНЕСКО агенттігінің арқасында «Балалар әлемді сипаттауда» альбомдар жинағында жарық көрді. Осы жобада жеңіске жеткені үшін ол арнайы дипломмен марапатталды.

Фатима сонымен бірге алматылық Ә.Қастеев атындағы мектепте республикалық «Fusion» пленэр-шебер-класына және Санкт-Петербург қаласына саяхат жасатқан пленэрге қатысты. Бұл сапарда ол бірнеше сурет салып қайтты.