67

«Жас жазушылар» жобасы оқушылардың креативтік таным-түсініктері негізінде оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Аталған жоба оқушылардың балаларға арналған авторлық әдеби шығармаларын жазуға және осындай туындыларды оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.  

Жобаның міндеттері:

  1. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бейімдеу, сонымен қатар жеке әдеби шығармаларын жазуға бағыт беру;
  2. Балалар шығармаларын жазуға үйрету;
  3. Үздік авторлық туындыларды анықтау үшін конкурс өткізу;
  4. Мектеп кітапханасында көрме ашу және балалар шығармашылығына арналған «Оқырман бұрышын» ұйымдастыру.

Конкурс наурыз айының соңына дейін ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысу үшін сізден тек шығармашылық шабыт пен қолайлы уақытты таңдау ұсынылады.

Жоба бойынша қосымша ақпараттар:

  • балалар әдеби шығармасы төмендегі тілдердің бірінде жазылуы керек: қазақ, орыс немесе ағылшын тілі.
  • жазылатын туынды тақыпқа сай болуы тиіс;
  • әдеби туындының безендірілуі өз талғамыңыз бойынша жасалуы қажет, А4 немесе А5 форматты кітап дайындалады;
  • жобаға қатысқан оқушылар арнайы сертификат – номинацияларымен марапатталады.

Әдеби туындыға қойылатын талаптарды мына жерден көре аласыздар.