101

«Жас жазушылар» – жас буынға жаңа леп, жаңа тыныс берген жоба

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде жыл сайын өтетін, әр оқушы асыға күтетін, оқушылардың дарындық қасиетін ашатын «Жас жазушылар» желілік байқауы басталды! Барлық мектеп оқушыларын қатысуға шақырамыз!

Сен білесің бе, жас жазушы, жобаға қатысушылардың саны жыл сайын артуда.

Биылғы байқау 1 наурыз – 25 сәуір аралығында өтеді. Байқау нәтижелері мамырдың аяғында жарияланады.

Жұмыстар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес бағаланады:
1-2-сынып аралығы
3-5-сынып оқушылары
6-10-сынып оқушылары
11-12-сынып оқушылары

Байқаудың талаптарымен таныса отырып, кітаптың дайын электронды нұсқасын төменде көрсетілген почтаға jas_jazyshylar@isa.nis.edu.kz жіберу қажет. Туындаған сұрақтар бойынша жоба авторы Индира Әбілханқызының 8 707 86 11 406 нөміріне хабарласуға болады.