18

«Жасөспірім үні» жобасы жаһандық тақырыптар бойынша шығармашылық жазбаша мәтіндер жазуға қызығушылық білдіретін дарынды оқушылар мен қоғамға айтары бар замануи жасөспірімдер үшін өзекті және үлкен мүмкіндік береді.

Жоба міндеттері:

  • Оқушыларға шығармашылық әуелетін дамытуға және жазба жұмысында «өзін таныту» дарынын көрсетуге мүмкіндік беру;
  • Әлеуетін одан әрі дамыту үшін шығармашылық қабілеті бар дарынды балаларды анықтау;
  • Үздік мақалаларды журналға  шығару және оны мектеп кітапханасында оқырмандарға қол жетімді ету.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебіндегі үштілді білім беру саясатына сәйкес жұмыс үш тілде қабылданады.