20

Астана Халықаралық мектебінің 11 «В» сынып оқушылары «Жастар театрына» барып, «Жанарымдағы жалғыз әуен» сахналық қойылымын тамашалап қайтты.

Шара «Ғұламалар және әлем әдебиеті» юнитінің аясында өтті. 11 «В» сыныбының оқушылары «Ұлы ғұламалардың шығармашылығы жеке тұлғаның дамуына қаншалықты әсер етуі мүмкін?» тақырыбында эссе жазады.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Индира Ахметованың айтуынша, эссені жазбас бұрын оқушылар қазақ өнерінің құдіретін сезіп, жүректерінен өткізуі маңызды болды. Қойылым барысында көрген, білген ақпараттары мен алған әсерлері тапсырманы сәтті орындауға сеп болмақ.