41

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте Жазғы мектеп өз жұмысын тәмәмдады. Екі апта бойына бүлдіршіндер ән айту, хореография, домбыра, бейнелеу өнері, компьютерлік бағдарламалау, актерлік шеберлік, сонымен қатар, техноторий сынды үйірмелерге қатысып, өз біліктіліктерін шыңдады. Қосымша үйірмелерден бөлек математика, қазақ, ағылшын және орыс тілдері пәндерінен білімдерін ұштаған болатын.  Әр күн белгілі бір бағытта өтті. Осылайша,  Жазғы мектеп аясында Шығармашылық күні, Спорт күні, Эксперименттер күні ұйымдастырылды. Балаларға Қарақшылар күні ерекше ұнады. Арнайы киім киіп, ойын ойнап, қазына іздеуде түрлі тосқауылдардан өтті. Жазғы мектеп «Ертегілер әлемінде» атты қойылыммен аяқталды. Бүлдіршіндер әйгілі ертегілерден қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде үзінді қойып, өнерін дүйім жұртқа паш етті. Ата-аналардың пікірінше, Жазғы мектеп бастамасы балалардың уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың өркендеуіне үлес қосады.