109

Ағымдағы жылдың 18-мамырында Астана қаласындағы Халықаралық мекепте «Ән әлемі» атты шығармашылық үйірме -секцияларының есеп беру концерті өтті. Қосымша білім берудің мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, музыкалық қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын шыңдау. Оқушылар өнерге біртабан жақындап, өнер, сахна, спорт арқылы адамгершілікке, тәрбиелікке құштарлығын көрсете білді. Мектепте көркемсурет, техноторий және қолөнер шеберханаларның үлкен көрмесі ұйымдастырылды. «Ән әлемі» қазақтың ұлттық ән-биімен қоса, заманауи жанрдағы өнер туындыларын ұштастырды. Сонымен қатар, түрлі аспаптарда ойнаған бүлдіршіндер көрермен көзайымына айналды. Балалардың достастық пен патриоттық туралы шебер шырқаған әндері тыңдарман жүрегіне жетті.   Мектептің көркейуі мен дамуына зор үлес қосып, шығармашылыққа баулаған қосымша білім беру үйірме-секцияларының жетекшілеріне алғыс айтылды. Салтанатты іс-шара Астана қаласындағы Халықаралық мектеп оқушыларының орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды. Есеп беру концертін жүзеге асыруға атсалысқан қатысушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға алғыс білдіреміз.