51

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің 1 «В» сынып оқушылары ертегілер еліне саяхат жасап, сахналық қойылым көрсетті. Орман жануарларының достығы мен мейірімділігін суреттейтін «Ормандағы мектеп» ертегісін балалар жоғары деңгейде сомдап шықты. Қойылымды тамашалауға ата-аналар қауымы мен ұстаздар арнайы келді.

Балалар рөлге бөлініп, әр жануардың ерекшелігін сомдауға тырысты. Ормандағы жануарлардың достық қарым-қатынасы мен татулығын шынайы жеткізген балалардың өнеріне ата-аналар тәнті болды. Олар балаларға қошемет көрсетіп, қойылымды жақсы бағалады.

         Ата-аналар ұстаздарға өз алғыстарын білдіріп, келе жатқан айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады. Балалардың өнеріне риза болған ұстаздары да бұл шараны жақсы бастамаға балады.