21

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығы аясында бүгін мектебімізде «Тәуелсіздік – халық мұраты» атты салтанатты концерт болып өтті. Еліміздің еңбек сіңірген әртісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан кештің құрметті қонағы болды.

Іс-шараны хореограф Руслан Мылтыкбаевтың жетекшілігімен «Isa Dance Astana» ансамблінің орындауындағы «Пролог» театралдық қойылымы бастап берді. Оның алдында үлкен экраннан егемен елдің жаңа қалыптаса бастаған жылдары туралы бейнебаян көрсетілді. Бекболат Тілеуханнның қолқалап айтқызған «Еділім» әнін шырқаған кәсіби әнші Бақталант Ұлықпанұлы жиналғандарға шабыт беріп, бәрін асқақ сезімге бөледі.

Сонымен қатар: Фариза Ердибаеваның жетекшілігімен жетігенде ойнаған ансамбль «Ауылға кел» әнін, Гулим Сейдахметова мен Руслан Мылтыкбаевтың жетекшілігімен 1 «А» сыныбының триосы мен заманауи би ансамблі «Алға Қазақстан» әнін, Алия Есказиеваның жетекшілігімен 1-2-сыныптардың ансамблі «Бипыл» биін, Гаухар Айдаровна мен Руслан Мылтыкбаевтың жетекшілігімен 3 «В» сыныбының оқушысы Жарас Мирас «Астана» әнін, Думан Тлеубеков пен Казбек Атамбаевтың жетекшілігімен кіші оркестр Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін, хормейстр Ляззат Капезовнаның жетекшілігімен кіші ансамбль «Туған ел» әнін, Алия Есказиеваның жетекшілігімен 3-5-сыныптардан құралған би ансамблі «Дала гүлдері» биін және Гулим Сейдахметованың жетекшілігімен оқушы қыздар триосы «Астана» әнін орындап шықты.

Риза болған көрермендер сахнада өнер көрсеткендерге қуана-қуана қошемет көрсетіп, жылы қабылдап отырды. Концерт ұйымдастырушыларының атына, соның ішінде шараның музыкалық-көркемдік жетекшісі Риза Рахимоваға, қазақ тілі мұғалімі Асан Алиевке және басқаларына талай ыстық лебіздер мен алғыс сөздер айтылды. Іс-шараны 3 «В» сыныбының оқушысы, көптеген байқаулардың лауреаты Сания Жолжаксынова: «Қазақ елі осындай» әнімен аяқтады. Бұл ән ұлтжандылықты оятып, қазақ халқының көңілінен шыққалы бірнеше жыл болды.