19

8 желтоқсанда NIS тәжірибесін тарату мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қала мектептерінде бірлескен жобаларын енгізу» семинары өтті. Семинар Нұр-Сұлтан қаласындағы 92 жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының басын қосты.

Аталмыш іс-шарада өздерінің шеберлік сыныптарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақбар Түсупбаев пен аға педагог-кітапханашы Айсана Асылхан өткізді.

Өзінің кәсіби тәжірибесін тарата білу – бұл кәсіби құзыреттіліктің белгісі ғана емес, өзін-өзі дамыту құралы.

Мысалы, Ақбар Асқарұлы тәрбие жұмысы бойынша маңызды жобалар жөнінде баяндады:

– NIS моделі мен тәжірибесі еліміздің көптеген мектептері үшін бағдар болып табылады. Ал Халықаралық Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы мектебіміздің артықшылығын екі есе арттырады. Тәжірибе тарату мүмкіндігіне әрқашан ашықпыз.

Айсана Асылханқызының айтуынша, шеберлік сағат ақпаратқа толы, әрі қызықты өтті. Ол астанадағы физика-математика бағытындағы НЗМ әріптестерімен бірге оқу қабілетін, ақпараттық және функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша зияткерлік ойындар өткізген.

Айта кетейік, семинар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 2021-2023 жылдарға Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында тәжірибе тарату бойынша іс-шаралар жоспары аясында өткізілді