23

«Туған елге тағзым» жобасында бірінші орынды иеленген Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық мектеп қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Халықаралық мектеп командасы алғаш рет NIS-тің дәстүрлі өлкетану-зерттеушілік экспедициясының жеңімпазы деп танылып, кубоктің иегері атанды. Мұнда өз құрамасына аса құнды ұпай сыйлаған Хақназар Әбілда мен Айдана Шоқатаеваның ерен еңбегін атап өту керек. ⁣⁣⠀⁣⁣⠀⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Хақназар Әбілда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жоба дайындады. Оның «Күнделікті өмірде атқаруға арналған әрекеттерді жүзеге асыруға көмектесетін эмулятор негізіндегі қосымшасы» «Өндірістік инновация кепілі — зияткерлік әлеует» номинациясының жеңімпазы атанды. Ал Айдана Шоқатаеваның «Селт еткізер, ерен ой» — «Вдохновение» шығармашылық номинациясы бойынша «Сценарлық шеберлік және қысқаметражды фильмге сценарий жазу» атты жеке жобасы үздік деп танылған болатын. ⁣⁣⠀⁣⁣⠀⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Елордалық халықаралық мектеп директоры Айдар Болатов мәртебелі марапатты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың өз қолынан алып, ізгі ілтипатқа бөленді.