21

Елордалық «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік турнирінің алғашқы маусымдық ойыны жеңістен басталды! Оқушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастыруымен өткен Ресей ғылымы күніне арналған қалалық турнирге қатысты.

«Шредингер командасы» үшін 9-11 сынып оқушылары Эриана Солюлева, Акрам Софиязов, Линара Умерьяева, Жания Өзбекова, Ерсұлтан Тоқтамысов және Арманжан Нарбеков ойнады.

Ойын балаларға біліктері мен дағдыларын, зияткерлік қабілеттерін көрсетуге, өз мүдделерінің сан қырын ашуға тамаша мүмкіндік берді.

‒ Ойын оңайға соққан жоқ. Лермонтов пен Винни Пух арасындағы байланыс нүктелерін табу, полярлық зерттеушілер сынған бөтелкелердің фрагменттерін қалай қолданғанын түсіну – ойын күрделі сұрақтарға толы болды, ‒ деп бөлісті жоба үйлестірушісі Арайлым Сламбекова.