17

Тұңғыш Президент күні және ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және «Елбасы Акдемиясының» ұйымдастыруымен, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында кезекті ұлттық пікірсайыс турнирі өткізілді.

АПФ форматында өткен қалалық турнирда тапқырлығымен, ерік жігерімен көзге түскен мектебіміздің 11А сынып оқушысы Дария Манапова III дәрежелі дипломмен марапатталды.

– Турнир көңілімнен шықты: қызықты тақырыптар, командалар. Уақыт жағынан қиын тигені рас: күні бойы, үзіліссіз 2-3 раунд ойнау шаршатып жібереді. Бірақ іс-шара өте қызықты әрі пайдалы болды, – деп бөлісті оқушы.