20

ISA қызметкерлерінің тобы тәжірибе алмасу мақсатында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Құралай Ахмадиеваның басшылығымен Гонконгтың Lutheran Academy және Discovery College IB мектептерінде болды.

Сапар аясында ISA қызметкерлері мектеп бағдарламаларының үйлестірушілерімен, әртүрлі деңгейдегі менеджерлермен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, әріптестердің сабақтарына қатысып, барлық бағдарламалардың студенттік өзін-өзі басқару өкілдерімен кездесті. IB бағдарламалардың негізгі компоненттерін іске асыру бойынша мектептердің ерекшеліктерімен танысты.

Сапар барысында оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қолдау жүйесін зерттеуге, атап айтқанда, тілдік қолдау көрсетуге, SEN оқушыларына, сондай-ақ басқа ұлттар мен мәдениет өкілдеріне жататын оқушыларға қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.

Сапар нәтижесінде Lutheran Academy мектебімен меморандум жасалып, мектептер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспары қаралды.