59

Оқушылар арасында «Бұрымды қыз» байқауы өтті
Конкурсқа 6-8 сыныпта оқитын қыздар қатысты.


Ұйымдастырушылар әрбір қатысушының шашының ұзындығын өлшеді. Нәтижесінде 1-орынды Ақниет Орынбасарова (6в сынып оқушысы) алды. 2-орын Айдана Қандыбаеваға (8с сынып оқушысы) бұйырса, 3-орынды Мерей Ерлік (8а сынып оқушысы) қанағат тұтты.
Сондай-ақ оқушылар арасында шашты тез өру сайысы да ұйымдастырылды. Қатысушылар қысқа уақыт ішінде шашты тез өруі керек болды. Сайыс тартысты өтті. Нәтижесінде Мерей Ерлік (8А сынып оқушысы) жеңіске жетті. 2-орынды Малика Қадырбекова (8С сынып оқушысы) алса, 3-орын Жания Сәбитқызына бұйырды.