25

Сүйінші! Мектебіміздің жаттықтырушысы, Ашиxара-каратэ бойынша бірінші дан қара белбеу иегері Жандильдин Саян Бауржанұлы тағы бір мәрте жарыс жеңімпазы атанды. Қазанның 22-сінде елордада Ашихара-каратэ бойынша юниорлар, ерлер мен әйелдер арасында Евразияның ашық біріншілігі өткен болатын. Осы чемпионатта Саян Жандильдин жартылай ауыр салмақтағы (ABS) кәсіпқой ерлер арасында I орынды және фулл-контакт каратэдан II орынды қанжығалады. Аталмыш дәстүрлі турнирге 7 мемлекет: Қазақстан, Ресей, Польша, Өзбекстан, Ауғаныстан, Түркменстан мен Әзербайжаннан келген мықты палуандар – бар-жоғы 200-ден астам күрескер қатысты. Турнирді ұйымдастырған мекеме – Астана қаласы бойынша Ашихара-каратэ федерациясы.