77

Желтоқсанның 21-і күні мектепте жоғары сыныптарға арналған жаңажылдық дискотека болып өтті.  Сонымен бірге «White Party» атты аудио-визуалды шоу ұйымдастырылды. Аппақ киім киген мереке қонақтары мен көрермендер мейрамның символдары мен атрибуттары қатысқан ерекше қойылымға куә болды. 

Сауықтық бағдарламаға түрлі ән-күй мен би, байқаулар, тосын сыйлар мен ойындар енді. Қазіргі заманның Аяз атасы мен Ақшақары қонақтармен бірге Жаңа жыл шыршасы жанында би билеп, оқушылардың көңілдерін көтерді.

Жаңажылдық фестивальге арнайы диджей келіп, музыкалық тректер ойнатып, іс-шараны қызықты өткізді.

Содан соң хореографиялық қойылым жасалып, жиналғандар квестке жұмылдырылды. Іс-шара аяқталарда жаңажылдық шыршаның оттары жағылды.

«Ап түсті кеш» аталған шара барысында Нұрлан есімді жүргізуші, клуб музыкасын насихаттаушы DJ, серіппе адам, ходулистер мен қағаз шашылған шоу мерекелік көңіл-күйге бөледі. Балалардың алдында кәсіби әртістер мен бишілер өнер көрсетті.