26

Мектеп қауымдастығының мүшелері онкология бөлімшесінде жатқан балаларға арнап ойыншықтар жинап беруде. «Батылдық сандықшасы» деп аталатын акцияға мектебіміз екінші жыл бойы өз үлесін қосып отыр.

Жарна жинауды ұйымдастырушылардың идеясы бойынша, мектеп дәлізінде орналасқан қорап ойыншықтарға толғанда, олар кішкентай емделушілерге емдеу кезінде ауыр процедураларға батылдықпен төзгендері үшін марапат ретінде сыйланады. Әртүрлі жапсырмалар, салпыншақ әшекейлер, кішкентай пазлдар, магниттер, сабын көпіршіктері, қыздарға білезіктер мен алқалар, таңба-фломастерлері, түрлі-түсті қаламдар, бояуға арналған суреттер, альбомдар, кітаптар, өнер құралдары, ойыншық көліктер, әуе шарлар және басқа да қызықты заттар бүлдіршіннің көңілінен шығатындай сыйлық бола алады. Басты шарт – өткізілетін ойыншықтар санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы керек.

Қымбатты достар, «Батылдық сандықшасын» бірге толтырайық!

Назар аударыңыз! Акцияның соңғы күні: 16.11.2017