20

Ұстаздар күнінде ағартушылық міндет жүгін арқалағандардың еңбегі ұлықталды.

Кәсіби мейрамның мерекелік кешінде ән шырқалып, би биленіп, құттықтау сөздер айтылды. Кештің сәнін ағылшын тілінің мұғалімі Раушан Булекбаеваның «Ата-аналар жиналысы» атты миниатюрасы келтірді десек, артық айтқандық емес.

Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу барысында тынымсыз еңбек еткен ұстаздарға деген ілтипат қашанда зор. Айрықша құрметке қос математика мұғалімі бөленді: ұстаздыққа Шарипова Жұмабике Шарипқызы жартығасырлық ғұмырын арнаса, ал Ниязалина Гүлназ Ұйқасбайқызы 25 жыл қызмет еткен.

Бұған қоса, құттықтаулардың қошеметіне Шынар Саукатова, Наталья Дирксен, Гүлмира Умарбекова, Ирина Григорьева, Маржан Смагулова, Айгерім Чинакулова, Адия Увалиева, Ардақ Тоқтанова, Райгүл Карменова, Мөлдір Баянды, Медет Алимгазин, Гүлнар Құдашкен, Толқын Муратова, Асқар Қосыбаев, Анар Сапарғалиева, Маргарита Янко, Советгүл Байбекова, Гүлнар Елюбаева, Анна Исмаилова, Маржан Мусабекова, Габдулла Садвакасов, Жалғас Султанов, Ляззат Габдуллина мен Ляззат Есинбаевалар қосылды.