25

Халықаралық мектептің мәжіліс залында мұғалім мен ата-аналарға арналған конференция ұйымдастырылды. Конференцияның басты мақсаты – ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып, оқушының қол жеткізген оқу жетістіктері мен үлгерімін талдауы. Осынау екі жақты конференция барысында ата-аналар әр пән мұғалімімен тілдесуге, баланың жетістіктері мен оқу деңгейін талқылауға мүмкіндік алды.

Конференцияға PYP координаторлары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Жиыннан соң ата-аналар ұйымдастырушылармен кері байланыс орнатып, конференцияның алдағы мақсат-міндеттерді, межелерді айқындауда маңызы зор екендігін атап өтті.