18

Өткен аптада ғана мектеп директорының орынбасары Фатима Мухамедьярова 7-8 сынып оқушыларын барлығына белгілі «Сбербанк» филиалына алып барды.

Экскурсияның мақсаты 10 шәкіртке өмірде, жұмыста қажет болар дағдыларды және қаржылай тәуелсіз болудың амалдарын үйренуге көмектесу. Олар департамент директоры мен банк филиалы директорының кіріспе сөзінен соң қаржылық сауаттылық негіздері жайлы презентация, викториналар, шығындар мен қаржы құралдары туралы әңгімелесу сынды шараларға қатысты. Кездесу соңында балалар банк ұсынған сыйлықтарды алды. Осындай іссапарлар мен басқа да сабақтан тыс шаралардың арқасында мектеп оқушыларға банк ісіне кіріспеден бастап кәсіпкерлік және шағын бизнес мәселелеріне дейін түрлі тақырыптарды түсіндіріп отырмақ.

«Оқу мен жазу қабілеттерінен тұратын сауаттылық ұғымы білім беру жүйесінің негізін құрағанымен, қаржылай сауаттылыққа мән берілмей жатады. Міне осындай сапарлар оқушыларға қолма-қол ақшаны қалай ұстай білу керектігі жайлы мағлұмат береді. Балалар үшін қаржылай сауаттылық өз қаражатыңды ең жақсы амалдармен басқара білуге жетелейді. Бұл – олардың болашағын қамтамасыз етудің жолы. Олар ақша жаратудың барлық жолдарын меңгеретін болады. Ендігәрі олар ақшаны тиімді пайдалана біледі», – дейді Фатима Мухамедьярова.