17

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ауыл мектебі» жобасы және «Bookcrossing» қайырымдылық акциясы аясында Астана Халықаралық мектебінің атынан 100-ге жуық кітап Ыбырай Алтынсарин ауылының №96 орта мектебіне табысталды.

«Bookcrossing» жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Акцияға оқушылармен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар да ерекше қатысады.

Жобаның мақсаты – баланың кітап оқуын насихаттау, қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын арттыру, ой өрісін, сыни ойлауын дамыту.