42

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Халықаралық бакалавриат мектептері қауымдастығының кезекті конференциясы Астана Халықаралық мектебінде өтті. Шараға қауымдастық мүшелігіне кіретін Өзбекстан, Ресей, Қазақстанның білім ошақтары қатысты.

– Бұл конференцияда біз талантты ұстаздар мен талапты оқушыларды көрдік. Алдағы уақытта бірге тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасамыз. Сондай-ақ бұның барлығын өз жұмыстарымызда қолданамыз. Қонақжайлық пен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық үшін мектеп ұжымына алғысымды білдіремін, – деді Ташкент қаласы «Vosiq International School» мектебінің директоры Дилором Халилова.

Конференция барысында қауымдастық мектептерінің мұғалімдері секциялық отырыстарда тәжірибе алмасып, ашық сабақтар өткізіп, көрме жұмыстарына қатысты.  

– Қонақжайлық пен мектептің жоғары деңгейдегі жұмысы таң қалдырмай қоймады. Бұл конференцияда біз өз сабақтарымызды ұйымдастыру тұрғысынан ойлануға тұрарлық көптеген мәліметтер алдық. Осы жерде әріптестерімізден көрген озық технологияларды меңгереміз деп ойлаймын, – дейді Самара қаласы «Спутник» №1 мектебінің директоры Игорь Ермоленко.

Айта кетейік, екі күнге созылған конференция «25 жыл IB PYP: қорытындыдан жаңа міндеттерге» тақырыбы аясында өткізілді. Конференцяның барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.