12

Өткен жұмада Астана қаласындағы Халықаралық мектепте ынтымақтастық мақсатында және Португалия мемлекетінің Астана қаласындағы ұлттық күні аясында музыкалық кеш өтті. Концерт Аделину да Сильва бастаған Португалия елшілігі өкілдерінің қатысуымен өтті. Моисес және Луиш Феррейра есімді ағайынды музыканттар Фаду деп аталатын аспаптың сүймелдеуімен танымал португалдық әуендерді орындады. Фаду – үздіксіз мәдени мұраның бір бөлігі ретінде Португалияның кешесі мен бүгінін айқындайды. Кеш соңында шетелдік қонақтар қара домбыраның күмбіріне бөленді; мектеп атынан естелік сыйлықтар берілді.