14

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің директоры Айдар Булатов пен Қазақстанның Го Федерациясының атқарушы директоры Ерлан Баймухаметов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта ISN ұжымы Фендерацияға оқушылар арасында аталмыш ойынды насихаттау үшін ықпалдасатын болады.

Федерацияның негізін қалаушы Ерлан Серғазыұлының айтуынша, года ойнап үйреніп үшін бір сабақтың өзі жеткілікті.

– Корея, Жапония және Қытай елдерінің тәжірибесіне сүйінсек, бұл елдерде го ойынына балаларды жастайынан, тіпті мектеп жасына дейінгі кезден бастап үйретеді. Университеттерде го шеберлері мамандығы бар. Го ойыны Кеңес Одағы кезінде шахмат секілді танымалдыққа ие, – деп бөлісті Ерлан Баймухаметов.

Го – осыдан 2-5 мыңдай жыл бұрын Ежелгі Қытайда пайда болған терең стратегиялық мазмұны бар, логикалық ойын. Ол мидың екі жартышарын, логикалық және бейнелі ойлауды, интеллект пен түйсікті жақсы дамытады. 5 базалық Дүниежүзілік зияткерлік ойындардың қатарына кіреді.