29

Халықаралық мектептің бірінші оқу тоқсаны бұрын-соңды болмаған Алтын күз шарасымен есте қалды. Мектептің көркемдік жетекшісі Риза Рахимовамен бірге, 6-9 сыныптардың талантты балалары Алтын күзге арналған мерекелік кеш өткізді. Ұлдар мен қыздардың бірнеше жұбы әртүрлі ойын-сауықтық бағдарламаға қатысты. Үш бірдей тамаша жүргізуші, атап айтқанда Анель Наурызбаева, Медет Мурзаханов пен Алана Нурлакова көптеген көңілді викториналар мен ойындар ұйымдастырды. Сондай-ақ, олар баннердың алдында суретке түсіп, Instagram желісінде пост жариялау кезінде арнайы хэштег атауын пайдалануға шақырып отырды. Ұйымдастырушылар тобы қонақтар мен байқауға қатысушыларға атақты адамдар сүретін өмірдің дәмін татуға жағдай жасап қойған болатын. Сол үшін жерге қызыл кілем төселіп, үлкен баннер орнатылып, әуе шарлары ілініп, өзге де декорациялар қойылды. Үміткерлердің әрбір жұбы подиум жолымен жүріп өтіп, аудитория мен қазылар алқасы алдында костюмдерін киіп шыға алды. Сонымен бірге олар өз дарындарын көрсете білді.

Жюри құрамына директордың орынбасарлары Фатима Мухамедьярова мен Жанат Зайкен және де хореограф Алия Есказиевалар енді. Бірнеше байқау мен сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерін үздік етіп таныта білгендер марапатталды. Әр жұпты бағалағанда, олардың костюмдеріне қарап, сахнадағы бейнелері, ақыл-ой өрістері, шығармашылық қабілеттері мен би өнері бағаланды. 18 үміткердің екеуі қыз бен жігіт болып жеңіске жетті. Олар: Диас Асатай және Гаухар Зейнелгабит. Жюри жеңімпаздарға Күздің Мистері мен Миссі атақтарын тақты. Ал Аян Омар мен Жамиля Канапиналар болса Күздің Вице-мистері және Вице-миссі деген атақтарға ие болды. Кез-келген кеште бойды алар әсем ән мен күй болуы керек емес пе? Коронация дискотекамен жалғасты. Содан соң диджей әндер ойнатып, хит әндерге тыңдап оқушылар түрлі іс-қимылға салды.

Бұл іс-шара мереке мен шаттықтың орнына айналды. Ешкім сырт қалмайтындай және әркім өз бойындағы бар өнерін салатындай көңілді де ұмытылмас атмосфера орын алды.