22

Cейсенбі және жұма күндері еліміздің Тұңғыш Президенті күні құрметіне, қазақ тілі пәнінен «Қазақстан – байтақ ел» және «Отбасылық мерекелік салт-дәстүрлер» юниттері және мектебімізде өтіп жатқан «Алаштың ақ тарихы: Алаш-Орда үкіметі және «Мәңгілік ел» айлығы аясында 6 «B» және 8 «B» сыныптарының оқушылары Ұлттық мұражайға арнайы экскурсияға барып қайтты. Олардың өз білімдерін практикалық тұрғыда жетілдіріп, ата тарихымыздың ең бір елеулі кезеңдері жайында тереңірек таныспақ мақсаты болды. Қазақ тілі пәні мұғалімі Асан Анарбайұлы мен сынып кураторы Салима Зейнелова, МҮР координаторы Гүлназ Сайлыбаеваның жетекшілігімен өткізілген танымдық шарада оқушылар «Ежелгі және орта ғасырлар тарихы залы», «Тәуелсіз Қазақстан залы» және мұражайдың үшінші қабатында Алаш қайраткерлерінің құрметіне орай орналасқан «Этнография залы», сондай-ақ түпнұсқа бұйым-экспонаттар, арт-нысандар, құжаттар, естеліктер ұсынылған «Алаш-Орда үкіметіне 100 жыл» атты көрмені аралап көрді. Орыс және қазақ тілдерінде жүргізілген білікті гидтердің экскурсиясынан балалар зор әсер алып, қазақ халқының мыңжылдық материалдық және рухани құндылықтарында қазіргі заманға дейін сақталған  төл мәдениеті мен тарихын жақыннан тани түсті.

Келешек өскелең ұрпақтың бойында жеке тұлғалық қасиеттерін ұлттық құндылықтармен байыта түсу – аса жауапты іс. Алдағы уақытта аталмыш игі шара өз жалғасын таба бермек.