136

Уәде болғандай-ақ, осы аптаның басы көп күттірген әрі ерекше маңызы бар оқиғамен қуантты. Дүйсенбі күні мектептің мәжіліс залында «АЛАШТЫҢ АҚ ТАРИХЫ: АЛАШ-ОРДА ҮКІМЕТІ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» атты азаматтық-патриоттық тәрбие беретін «Алаш айлығын» ашық деп жариялаған жиналыс өтті. Басқосуға мектеп оқушыларымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Куляш Кабидолданова бастаған бір топ мұғалімдер қатысты. Куляш Чекербекқызы өз сөзінде жиналған қауымды айлықтың басталуымен құттықтап, оның маңызын атап өтті.

Аталмыш салтанатты рәсімнің аясында ұйымдастырылған концерт үстінде жастайынан мәнерлеп оқу шеберлері және 4 «G» сыныбының оқушысы, домбырашы Нұрхан Төлеев бар өнерлерін ортаға салды. Қазақ тілі кафедрасының тіл мамандары Самал Демисинова мен Әмірхан Накупов болса кеш жүргізушілері атанып, мектеп қауымдастығына арнаған тағылымды да нақышты сөздерін аямады.   

Сондай-ақ, бір ай бойы жалғасатын шаралар легін әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, алаштанушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан АҚҚҰЛЫ ЖҮСІП  мырзамен кездесу кеші бастады. Кештің соңында зерттеуші-ғалым мектеп кітапханасына қолын қойып, үш тілдегі Алаш-Орда тарихын тарқатып жазған кітаптарын тарту етті. «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінен келген Талант Манаттың баянмен орындаған және Бақталант Ұлықпанұлының домбырамен айтқан «Үш бақытым» және «Молдабайдың әні» жырлары көрермендерге ерекше әсер етті. Кездесу барысында оқушылар «Алаш» қозғалысының саяси маңызы мен маңдайалды көшбасшыларының қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруға қосқан сүбелі үлестері жайлы көптеп білді.   

Айта кету керек, аты аталған істердің барлығына мұрындық болып, бас қасында жүрген қазақ тілінің мұғалімі Асан Алиев ұшы қиырсыз жұмысқа көп күш жұмсап, барлығының басын қосып, концерттің ойдағыдай өтуіне ерекше атсалысты.