17

Апта бойы Тәуелсіздік күні құрметіне әрі азаматтық-патриоттық тәрбие беруге арналған «Алаш айлығы» шеңберінде мектебімізде «Алаш ардақтылары жаққан шырақ» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ, орыс және шет тілдерінде ондаған басылымдар қойылды.

Көрменің мақсаты: ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған тарихи, ғылыми және көркем әдебиет кітаптары арқылы ел азаматтарының ұлттық сана-сезімін, заманға сай тарихи көзқарасын қалыптастыруға септік ету, «Алаш» идеясын, құндылықтары мен ұлттық мәдениетті насихаттау.

Тәуелсіздік күнін тойлауға орай осы аптада мектептің ашық алаңдарында сондай-ақ балалар шығармашылығының бірнеше көрмесі бірден өтіп жатыр. Экспозициялардың бірінде азаматтық-патриоттық тәрбие беруге арналған «Алаш айлығы» шеңберінде жеткіншектердің «Менің елім» тақырыбында салған суреттері және қосымша білім беру педагогы Айнагуль Куангалиеваның жетекшілігімен жасаған қолөнер туындалары ұсынылды.

Бұл іс-шаралардың мақсаты: жас ұрпақты ұлтжанды болуға, азаматтық жауапкершілікке, Отанды сүюге тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білуге деген қызығушылықты ояту, сонымен бірге балалардың өнерін дамытып, насихат етуге көмектесу.

Ел тарихындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының рөлі мен оның көшбасшылары туралы баяндайтын «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын» атты байқау шеңберінде мектептің екінші қабатында қабырға газеттері ілінді. Қазақ тілі кафедрасының ұстаздарынан құралған жюри бәсекеге түскен жобалардың жоғары деңгейін атап өтті.