6

Астана Халықаралық мектебінде 28-қараша мен 19-желтоқсан аралығында мектеп президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, дауыс беру өтті.

19-желтоқсан күнгі жаңа жылдық іс-шарада мектептің жаңа президенті белгілі болды. Дауыс берудің нәтижесінде 11 «А» сыныбының оқушысы Дильназ Шалабаева жеңіске жетіп, мектептің президенті атанды.

Дильназдың президенттікке келудегі мақсаттарын естеріңізге сала кетейік. Тек академиялық, спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді негізде жалғасатын дәстүрлерді насихаттау. Дильназ оқушыларға өз ойларымен, алаңдық туғызатын сұрақтарымен және пікірлерімен еркін бөлісе алатын қолайлы орта қалыптастырғысы келеді.

Сәттілік!