466

Халықаралық Бакалавриат барлық қатысушы-мемлекеттердің оқу жоспарына ортақ халықаралық білім беру бағдарламасын ұсынады. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы қатысушы-мемлекеттердің мектеп біліміндегі үздік жетістіктерін жинақтады. Оның үстіне Халықаралық Бакалавриат ұлттық білім беру жүйесін алмастырмайды, керісінше ұлттық стандарттан жоғары сапалы жаңа деңгейге көтереді. Қазіргі уақытта Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша дүниежүзінің 147 мемлекетінде 4527 мектеп, Қазақстанда 7 мектеп, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 3 мектеп авторизацияланған.

Халықаралық Бакалавриат төрт білім беру бағдарламасын ұсынады:

  • 3-12 жас аралығындағы мектепке дейінгі және бастауыш мектептерге арналған (PYP);
  • 11-16 жастағы негізгі мектеп оқушыларына арналған (MYP);
  • 16-18 жастағы жоғары сынып оқушыларына арналған дипломдық бағдарлама (DP)
  • 16-19 жастағы жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағытталған бағдарлама (СР)

Халықаралық Бакалавриат Ұйымына оның философиясын қолдайтын және барлық қатысушы-мектептерге міндетті жоғары академиялық, әлеуметтік технологиялық стандарттарға сәйкес келетін білім беру мекемелері кіре алады.

Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, жеке және ұжымдық эксперименттер мен зерттеулерді жоспарлауды және өткізуді дамыту. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға, олардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

Халықаралық Бакалавриат мектептерінің артықшылықтары:

  • Халықаралық Бакалавриат оқушыларға үлкен академиялық мүмкіндіктер ұсынады;
  • Халықаралық Бакалавриат аса қатал академиялық стандарттарға жауап береді;
  • Халықаралық Бакалавриат стандарттарына дүниежүзінің үздік университеттерінің әкімшілігі сенім артады.
  • Халықаралық Бакалавриат дипломы әлемнің көптеген мемлекеттерінде танылған.

Қазіргі таңда мектебіміз PYP, MYP және DP, яғни Халықаралық Бакалавриатының барлық үш бағдарламасы бойынша авторизацияланған.

Халықаралық Бакалавриат оқуының моделі:

Зерттеушіоқушы зерттеуге және өз бетінше оқуға қажет дағдыларды игере отырып, өзінің табиғи қызығушылығын дамытады. Оның оқуға деген құштарлығы ерекше және сол қызығушылығы өмір бойы сақталады.
Білімдіоқушы жергілікті және жаһандық маңызды мәселелерді, идеяларды және концепцияларды зерттейді. Кең ауқымды және үйлесімді пәндер жиынтығы арқылы терең түсінік қалыптастырып, білім аясын кеңейтеді.
Ойшылоқушы бастамашыл, күрделі мәселелерді шешуде сыни, шығармашылық және этикалық тұрғыдан негізделген парасатты шешімдерді қолданады.
Тіл табысқышоқушы қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы ақпараттарды, идеяларды түсініп, бірнеше тілде шығармашылық тұрғыдан сенімді түрде жеткізе алады. Ол басқалармен ынтымақтаса тиімді жұмыс жасайды.
Принципшілоқушы қоғамның, топтың, тұлғаның абыройын құрметтей отырып, әділдікті жақтап, адал әрекет етеді. Ол өз іс-әрекеті мен соның нәтижесі үшін жауап бере алады.
Кең-ойлайтыноқушы өз мәдениетін, тарихын түсінеді және бағалайды. Басқа ұлттар мен қауымдастықтардың дәстүрі мен мәдени құндылықтарын құрметтейді. Ол үнемі әртүрлі көзқарастарды жан-жақты қарастыра отырып, тәжірибе жинақтайды.
Қамқоршылоқушы өзге адамдардың сезімдері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарап, жанашырлық танытады. Оның қоғамға қызмет етуде өз ұстанымдары бар. Ол қоғам мен қоршаған ортаға белгілі бір дәрежеде оң ықпал етуге тырысады.
Тәуекелшілоқушы таныс және бейтаныс жағдайларда өзін сенімді ұстайды, бұл ретте жаңа рөлдер, идеялар мен стратегияларды зерттеу кезінде рухының дербестігін сақтап қалады. Ол өз пікірін батыл дәлелдейді.
Үйлесімдіоқушы өзі үшін де, өзгелер үшін де табысқа жету мақсатында зияткерлік, дене және эмоциялық тепе-теңдіктің маңызды екендігін жақсы түсінеді.
Талдағышоқушы білім алуымен жеке дамуына жағдай жасау үшін өзінің мықты және әлсіз жақтарын бағалай және түсіне отырып, өзінің білімі мен алған тәжірибесін талдай алады.

(Making the PYP happen, IBO, 2009)

Халықаралық Бакалавриат ұйымының ресми сайтына сілтеме: ibo.org