56

Наурыз мейрамын мерекелеу мақсатында 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланып, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау жоспарланды.

14 наурыз – Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні «Бір жасыңмен» деген тілектер айтылады.

Мектеп атриумында «Қазақ радиосы» үйірмесінің қатысушылары «Мен-қазақпын!» флешмоб ұйымдастырды. Іс-шара соңында Көрісу күнінің белгісі ретінде бауырсақтар таратылды.

 Қайырымдылық күні мейірім мен көршімен тату болу тақырыбына арналды. Оқушылар өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық көрсетті.

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналды. 


«Шаңырақ күніне» орай мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. MYP және 4 G сынып оқушылары бірлесіп, қазақ ұлттық тағамдарын әкелді. Ежелгі заманнан бері Наурызды тойлауда берекелі дастарханға үлкен мән берілген. Халық Наурыз мейрамында дастархан тағамдарға толы болса, жыл бойы соғұрлым сәтті және қауіпсіз болады деп санаған. Іс-шарадан жиналған қаражат жағдайы төмен отбасыларды қолдауға жұмсалды.

Ұлттық киімдер күні мектеп қызметкерлері мен оқушылар ұлттық нақыштағы көз тартарлық көйлектер, шапандар, камзол мен тақиялар киіп, шашбау мен шекеліктер тақты.

Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» болып белгіленді. Бұл күнге орай Астана Халықаралық мектебінде оқушылар ләңгі, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық атудан сайысқа түсіп, белсенді қатысқан PYP оқушылары жүлделі орындарды иеленді. Осы ойындар арқылы оқушылар салт-дәстүрлерімен де танысуға мүмкіндік алды.