Астана қаласындағы
Халықаралық мектеп

Академиялық бөлім





Жалпы шолу

Астана қаласы Халықаралық мектебі (PYP IB) Халықаралық бакалавриаттың бастауыш мектеп бағдарламасын авторизациялауға дайын. Қазіргі кезде мектеп кандидат дәрежесіне ие.

Халықаралық Баклавриат бағдарламасының философиясы бойынша АХМ келесі шарттарды қамтамасыз етуге міндетті:

  • оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру;
  • әр оқушының жеке қабілеттерін дамыту;
  • оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту;
  • оқушылардың азаматтық жауапкершілік пен толеранттылығын қалыптастыру;
  • оқушылардың қабілеттерін, үзбей және терең білім алуға ынтасын дамыту;
  • білім алу жүйесінің өмірмен байланысын түсіну;
  • Астана халықаралық мектептен кейін жоғары оқу орындарға дайындайтын білім беру жүйесін дамыту.

IB бағдарламасы

Астана Халықаралық мектебі (АХМ) Халықаралық Бакалавриат Ұйымының бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша білім беруге рұқсат алуды көздейді. Қазіргі таңда мектептің «Халықаралық Бакалавриатқа үміткер мектеп» мәртебесі бар.

Халықаралық Бакалавриат философиясына сәйкес АХМ мақсаты:

  • оқушылардың зияткерлік мүмкіншіліктерін ашу;
  • әр оқушының жеке қабілеттерін дамыту;
  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
  • жауапкершілігі мол және толерантты азамат деген түсінік қалыптастыру;
  • оқушыларды өмір бойы үздіксіз білім алуға талаптануға бағыттау және соған қажетті қабілеттерге ие болуға тәрбиелеу;
  • oқу мен өмір арасында байланыс орнату;
  • оқушылар АХМ-ді аяқтаған соң да білім алуды жалғастыруға дайындайтын білім жүйесін қалыптастыру.

Халықаралық Бакалавриат миссиясы:

Халықаралық Бакалавриат Ұйымы (ХБҰ) қызығушылығы мол, білімді және қамқор адамдарды тәрбиелеуді көздейді, олар мәдениетаралық түсіністік пен құрмет арқылы әлемнің жақсаруына көмектеседі.

Осыған байланысты ХБҰ уақыт талабына жауап бере алатын халықаралық білім бағдарламаларын дамыту және бағалаудың үздік нұсқасын қолдану мақсатында, мектептермен, үкіметпен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Аталмыш бағдарламалар, көзқарастары әртүрлі болғанына қарамастан, өзге адамдардың пікірлерін қабылдай алатын және өмір бойы білім алуға дайын белсенді, жанашыр тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

Халықаралық Бакалавриат білім беру жүйесіне мүшелікке өткен елдерге ортақ оқу бағдарламасы ұсынылады.

Аталмыш бағдарлама Халықаралық Бакалавриат білім беру жүйесіне мүше елдердің үздік тәжірибелерін жинақтаған. Халықаралық Бакалавриат ұлттық білім жүйесін алмастырмайды, оны ұлттық стандарттан жоғары сапалы жаңа деңгейге көтереді. Қазіргі уақытта Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы әлемнің 147 елінің 4267 мектебінде ресми түрде іске қосылған, оның ішінде Қазақстанда 7 мектеп, үшеуі Астана қаласында жұмыс істейді.

Халықаралық Бакалавриат үш білім бағдарламасын ұсынады:

3-12 жас арасындағы мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушылары (PYP);


Астана қаласындағы халықаралық мектебінің күнтізбесі

2016-2017 жыл





Тілдік қолдау

Астана Халықаралық мектебі білім беруде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту арқылы үштілділік саясатын енгізіп жатыр. Қазақ тілінде білім алатын сыныптарда орыс және ағылшын тілдері қосымша тілдер болып есептелсе, орыс тілінде білім алатын сыныптарда қазақ және ағылшын тілдері қосымша тілдер ретінде оқытылады.



Сыныптан тыс шаралар

PYP бағдарламасы оқушылардың оқу процесінен әсер алуға, жаңа ақпараттар мен идеяларға қызығушылық танытуға, өзінің табиғи құлшынысын үнемі дамытуға бағытталған. Бұл еркін ойлауға, жаңаша көзқарасын дамытуға, жүйелі де орынды пайымдауға жағдай жасайды. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты – Халықаралық Бакалавриат оқушысының жеке профилі PYP білім беру моделінің негізі болып табылады. Білім алушының профилі – бұл мінсіз оқушының бойында болатын он қабілет.

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің басты мақсаты – осы он қабілетті философиялық және Халықаралық Бакалавриаттың талаптарына сай тәрбиелеу. Бес қабілет (зерттеуші, білімді, ойшыл, тілтабысқыш, талдағыш) ойлау қабілетін дамыту мен оқытуға, ал қалған бес қабілет (шыншыл, ашық, қамқоршыл, үйлесімді, тәуекелшіл) мінездің қалыптасуына жинақталған.

Астана қаласының Халықаралық мектебі жоғарыда аталған бағыттарды дамыту үшін жыл бойы үйірмелерді, спорт, көркем-эстетикалық, сәнді-қолданбалы, зияткерлік бағыттағы секцияларды ұйымдастырады, дөңгелек үстел, дебат, олипиада, конференция және т.б.жұмыстарды өткізеді.

2016-2017 оқу жылында Астана қаласындағы Халықаралық мектепте келесі үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды:

  • Робототехника
  • Құмыра жасау
  • Хореография (Бал билері)
  • Хореография (Халық билері)
  • Жақсы әдеттер мектебі
  • Драма
  • Шахмат
  • English club
  • Қолөнер
  • Бейнелеу өнері
  • Вокал
  • Хор
  • Фортепиано
  • Домбыра
  • Жетiген
  • Үй шаруашылығы
  • Актерлік шеберлік
  • Қыздарға арналған гимнастика
  • Каратэ

Тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» білім беру дербес ұйымының филиалдарының типтік басқару тәрбие жұмысына сәйкес өңделеді. Тәрбие жұмысының басты бағыты патриоттық және адамгершілік тәрбиені, интеллектулды қабілетті, көшбасшылық қабілетті, физикалық, эстетикалық, көпмәдениетті дамыту болып табылады. Аталған бағыттарды дамыту аясында Астана қаласындағы Халықаралық мектеп мемлекеттік мерекелерге және халықаралық күндерге арналған әртүрлі іс-шараларды өткізеді. Фестивальдар мен сайыстар, спорттық ойындар мен эстафеталар ұйымдастырады. Сонымен қатар, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жасайды.



Балабақша

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласының халықаралық мектебі» филиалының балабақшасы 2014 жылы 2-қыркүйек күні ашылды. Балабақша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді «Primary Years Programme» бағдарламасы бойынша оқытады. Бағдарлама мазмұны Халықаралық бакалавриат пен мемлекеттік білім беру бағдарламасының міндет, мақсаттары негізінде жүзеге асып келеді. Білім берудің бұндай әдістері оқу үрдісін қызықты әрі шығармашылық деңгейін жоғары өткізуге бағытталған. Оқу үрдісіндегі педагогикалық шеберлік оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға негізделген. Олар өз білімдері мен табиғи дүниетанымын, өзі тұратын әлемді танудағы қызығушылығын шыңдайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - күнделікті өмірдегі дағдылары мен алған білімдерін қолдана білу және саналы оқыту. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалар зерттеулер жүргізеді және әр түрлі іскерлік қабілеттерін жүзеге асырады. Бағдарламада оқу уақытының жартысынан көп бөлігі жобалау-зерттеу және эксперименттік жұмысқа бөлінеді. Балабақша педагогтарының алдындағы басты міндет-балалардан талаптылыққа, ізденімпаздылыққа, сұрақтарды дұрыс қойып бақылауға, өз жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және оны интерпретациялауға, алынған нәтижелерді тиімдді ұсынуға тәрбиелеу. Педагогтар бірінші кезеңде 3-4 жастағы бүлдіршіндерге әр түрлі; 4-5 жастағы балаларға нақты тақырып бойынша; оқу соңында 5-6 жастағы балалар зерттеу тақырыбы бойынша сұрақтар қоя алады.

Балабақшадағы білім беру қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. Ағылшын тілі оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі болғандықтан, әр балаға оқытылады. Қызметкерлер штаты шетелдік және жергілікті мамандардан тұрады. Балабақшада драма (қазақ және ағылшын тілінде), шахмат, хореография, бейнелеу өнері студиясы сынды қосымша үйірме жұмыстары жүргізіледі. Бүлдіршіндерге арналған балабақша есігі 08:00-ден 18:00-ге дейін айқара ашық. Сонымен қатар, балаларды бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді (оның ішінде, Қазақстанда бекітілген балалардың тамақтануына қойылатын талаптары сақталған пайдалы әрі дәмді тағам және медициналық қызметкерлердің қатаң бақылауынан өткен тағам).

Біз үнемі мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жетістіктерді бақылаймыз және оның озық үлгілерін енгіземіз. Балабақша қабырғасындағы әр бөбек жеке тұлға ретінде жан-жақты дамып, балалық шағының әр күніне қуанышты болады.



Кітапхана

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін дамытуда рухани-құндылығы бай салауатты тұлғаны қалыптастыру үшін кітапхананың маңызы зор.

Мектеп кітапханасының іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары:

  • кітапхана қорын ұйымдастыру;
  • оқу бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін және өздігінен білім алуды ақпарат көздерімен қамтамасыз ету;
  • oқырмандардың дереккөздерге тәуелсіз қолжетімділігін қалыптастыру ;
  • кітапхана пайдаланушыларын жаңа кітаптардың түсуі туралы уақытылы хабардар ету;
  • оқытуда озық халықаралық тәжірибені енгізу;
  • оқу мәдениеті мен сын тұрғысынан ойлауын дамыту, түрлі дереккөздер арқылы үштілділікті қолдау ;
  • білім беру, зерттеу және жобалау іс-әрекетінде оқушыларға қолдау көрсету.

Мектеп кітапханасы ғаламторда еркін жұмыс жасау үшін заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.

Кітапхананың негізгі қоры қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 23000-ға жуық кітаппен, сондай-ақ электрондық білім беру дереккөздерімен жабдықталған.

Кітапханада зерттеу жұмысы мен демалуға арналған аймақтар бар, сонымен қатар кітап сақтауға, оқу залына және келушілердің жеке жұмыс жасауына арналған бірнеше жұмыс аймақтары ұйымдастырылған.

Астана қаласындағы Халықаралық мектебінің кітапханасы


Мектеп әкімшілігі

Халықаралық мектеп қызметкерлері

Кабидолданова Куляш Чекербековна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ұзақбай Бауыржан Сайлаубайұлы

Мектеп директоры


Мадхалыкова Алия Ордаевна

Директордың даму жөніндегі орынбасары


Медет Жанат Тынысқызы

Балабақша меңгерушісі



Уразахова Айгуль Есентаевна

Директордың қаржы-шаруашылық қызметінің орынбасары

Бекболатов Жаңбыржан Сарсенулы

Директордың ғылыми-зерттеу жөніндегі жұмысының орынбасары

Мухамедьярова Фатима Нурлановна

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Халықаралық мектептің барлық қызметкерлерін көру үшін

АХМ шағын ақпарат

Ақпарат

190

Оқытушылар

Тәжірибелі және жоғары деңгейдегі оқытушылар

18

Шетелдік оқытушылар

Тәжірибелі шетелдік оқытушылар

900

Оқушылар

Түрлі саладағы болашақ мамандар

Үйірмелер

Сыныптан тыс шаралар

Байланыс



Посмотреть на карте Астаны

Мекенжай: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул. Туркестан 32/1.

Телефон: +7 (7172) 91-61-77

Е-mail: info@isa.nis.edu.kz




Хабарласу