34

Балабақша меңгерушісі. Балабақшаның білім беру және әкімшілік-шаруашылық әрекеттеріне басшылық жасайды; мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын жасау мен бекіту және ішкі тәртіп ережесін ұйымдастыруды; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді; заманауи тәрбие бағдарламаларын жасау және меңгеру бойынша педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетуді; мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үрдісіне, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тәрбие жұмысы сапасына бақылау жасауды; мектеп жасына дейінгі балалар контингентін қалыптастыруға қатысуды, балабақшаның педагог кадрлары мен қосымша қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды; мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтануын және медициналық қызметті ұйымдастыру, оқу-тәрбие үрдісі кезінде олардың денсаулықтары мен өмір қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді; кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасауды; мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне балабақша әрекетінің мазмұнын таныстыру жұмыстарын жүзеге асыруға басшылық жасайды.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тамамдаған.

Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетінде «Педагогика» (магистратура) мамандығын меңгерген.

2012 жылдан 2014 жылы шілде айына дейін – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында мектеп жасына дейінгі және бастауыш білім бөлімінің менеджері.

2014 жылы тамыздан қазіргі уақытқа дейін – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі» филиалы балабақшасының меңгерушісі.

Е-mail: Medet_z@isa.nis.edu.kz