36

Даму жөніндегі директордың орынбасары. Мектептегі CIS халықаралық аккредитациясының жұмысын бақылайды; оқушылардың пәндік олимпиадаларын өткізумен, ғылыми конкурстар мен басқа жобаларын ұйымдастырумен айналысады; педагог қызметкерлердің ғылыми-әдістемелік, зерттеу қызметін дамыту; мұғалімдерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды, авторлық бағдарламаларды, оқулықтарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді; оқытушылар құрамы мен мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, жас қызметкерлерге қолдау көрсету, мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңесінің жұмысын, республикалық және халықаралық білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Білімі: Жоғары.
Бітірген оқу орындары: М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалавры. «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде алды.
Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйесінде 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.
2009 жылдан 2011 жылдың тамыз айына дейін – «Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» ағылшын тілі мұғалімі.

2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың мамыр айына дейін – «Семей қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» директорының бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары.

2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың ақпанына дейін – «Семей қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары.

2013 наурыз айынан 2016 жыл аралығында – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері.

2016 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін – Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп директорының даму жөніндегі орынбасары.

Е-mail: Bekbolatov_zh@isa.nis.edu.kz