17

Астана Халықаралық мектебінде “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен кездесу өтті. Кездесу барысында ол студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен кездесті. Жалпы даму мәселелері, тың идеялар мен қызықты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ оқушылар мектепте түрлі салаға жауапты бөлімдермен таныстырып, енгізілген ережелер туралы айтты.

Сонымен қатар, мектеп ұжымымен кездесу өтіп, оның барысында Әнуар Қанатұлы филиал ұжымымен ашық диалог жүргізді. Оларды өз ойларын, идеяларын, сұрақтарын айтуға шақырды. Ұжым осы мүмкіндікті белсенді түрде пайдаланып, ағымдағы жобалар мен күнделікті жұмысында кездесетін қиындықтар туралы пікірлерін білдірді.

Мектепті ары қарай дамыту мәселелері де талқыланды. Басқарма төрағасы қызметкерлердің сұрақтары мен ескертулерін мұқият тыңдады. Бұл басшылық пен қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтуға, мектеп қызметі аясында оңтайлы шешімдерді табуға бағытталған маңызды қадам болды.