28

Бағдарлама барысында жоба жетекшісі Касимова Индира Набиоллақызы жоба мақсатын таныстырып, қазіргі кезде жасөспірімдер буынын ұлттық контентпен қамтитын платформаларды дамыту керектігін, олардың қызығушылықтары мен ана тіліміздің арасындағы байланысты ұштастыратын жобалар қажет екенін айта келіп, ISA QAZAQ RADIOSY жобасы осы сұранысқа жауап беру бағытында жұмыстанып жатқан жоба екенін атап өтті.

ISA QAZAQ RADIOSY-ның ең алғашқы эфирін жүргізген 9 Е сынып оқушысы Иманғали Баймырза мен 9 А сынып оқушысы Индира Адеубаева бағдарлама жүргізушісі Нәзір Сүлеймен мырзаның сұрақтарына жүрекжарды жауаптарын беріп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.