7

Қалыптасқан дәстүр бойынша қазанның алғашқы күнінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні әжелер мен қарияларға қамқорлық танытылып, ерекше көңіл бөлінеді.

Қарттар күні қарсаңында Астана Халықаралық мектебінің қауымдастығы «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында «Шарапат» әлеуметтік бейімдеу орталығының қамқорлығындағы қарттарды құттықтады.

Айта кету керек, түрлі сыйлықтар мен азық-түлік себеттері ата-аналардың күші және көмегімен ұйымдастырылды. Астана халықаралық мектебінің ұжымы қазыналы қарттарды мерекемен құттықтайды. Сондай-ақ көмек қолын созған ата-аналарға зор алғысын білдіреді!