9

9-11 желтоқсан аралығында European Azerbaijan International school-де Халықаралық Бакалавриат мұғалімдері мен мектеп басшыларының конференциясы өтті. Ауқымды конференцияға Кавказ және Орталық Азия елдерінің 700-ден астам педагогтары қатысты.

Конференцияда қазіргі білім берудің ең өзекті тақырыптары қаралып, ұсынылды. Астана Халықаралық мектебінің 13 педагогы спикерлер қатарында сөз сөйледі. Олар бастауыш, негізгі және орта мектеп бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті. Конференция барысында ISA педагогтары өзге мектептердегі әріптестерінің, сондай-ақ халықаралық білім беру ұйымдарының жетекші мамандарының сөздерін де тыңдады.

Мұғалімдердің айтуынша, мұндай алаңдар білім беру саласындағы мәселелер мен трендтерді зерделеуге және талқылауға мүмкіндік береді.